Алматы тұрғындарына серуендеу мен қоғамдық орындарға бармау ескертілді
Бүгін Алматы қаласының әкімдігі автокөлік иелері мен қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сондай-ақ қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз», - делінген әкімдік ақпаратында.
Бұл шаралар әр адамның жеке қауіпсіздігіне байланысты екені ескертілді.
«Қауесеттер мен фейктердің орын алуын ескере отырып, барлық қала тұрғындары мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды және соларға сүйенуді сұраймыз», - дейді жергілікті билік өкілдері.