50404
Ақтауда кедергіге тап болған Қайрат Нұртас өз пікірін айтты
Ақтауда кедергіге тап болған Қайрат Нұртас өз пікірін айтты

Маңғыстау облысында жолдарды жауып тастаған көпшілік Қайрат Нұртас отырған автокөлікті өткізбей қойған еді. Ал бүгін әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына наразылыққа шыққан ақтаулықтарды қолдайтынын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кетсек, ол 3 қаңтарда Rixos Aktau-да өткен концерттен видео жариялаған болатын. Енді міне, содан кейінгі видеосынан соң, дереу Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылыққа шыққан тұрғындарды жақтай қойды.
Тағы оқи отырыңыз: Ашынған ақтаулықтар Қайрат Нұртасты қалаға кіргізбей қойды (ВИДЕО)
«Халық – Алланың бір аты. Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі, халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері – халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан, азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан халық Алланың аманаты екенін ұмытпауын сұраймын! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тез арада оң шешімін шығарады деп үміттенемін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!» деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram