50210
Алматы облысында қатты жел әуе шарында отырған азаматты ұшырып әкетті
Алматы облысында қатты жел әуе шарында отырған азаматты ұшырып әкетті
Алматы облысында қатты жел әуе шарында отырған ер азаматты ұшырып әкетті, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, 1 қаңтар күні сағат 16:43-те Алматы облысы ТЖД пультіне Талғар ауданы «Ақ бұлақ» тау-шаңғы кешенінде қатты жел соғып, сақтандыру арқандарының үзілуі салдарынан әуе шарында отырған адамды тау жаққа ұшырып әкеткені туралы хабарлама түскен.
«Шақырту орнына Талғар қалалық 2-МӨСБ-нен (7 қызметкер, 2 бірлік техника) және республикалық жедел-құтқару жасағынан (7 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп) ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жел ұшырып әкеткен шар ішінде әуе шарымен ұшу жөніндегі нұсқаушы отырған. Ол нұсқаулық талабына сай тиісті әрекет ете білуінің арқасында аман-есен төбеге қона алған. Талғар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Солдат сай» шатқалынан нұсқаушыны тауып, оны қауіпсіз жерге жеткізді», - делінген хабарламада.Айта кетсек, нұсқаушының тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында оқыс оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.