50230
Мемлекет басшысы банктен несие алғандарға қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы банктен несие алғандарға қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.Заң жобасының негізгі бағыттары:
- борышкерге кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуына мүмкіндік беру;
- кей жағдайларда кепіл берушіге кепіл нысанасын ауыстыруға мүмкіндік беру;
- пайдакүнемдік мақсаттардың туындауын болдырмау үшін кепіл ұстаушының және онымен аффилирленген тұлғалардың сатып алушы ретінде аукционға қатысуына тыйым салу.