«Голос» шоуының финалына өткен қазақстандық әншілер жеңіске жете алмады (ВИДЕО)

«Голос» шоуының финалына өткен қазақстандық әншілер жеңіске жете алмады (ВИДЕО)

«Голос» шоуының финалына өткен қазақстандық әншілер жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50458
Ресейдің «Голос» шоуының финалина қазақстандық әншілер Ернар Садырбаев пен Әлішер Каримов өткен болатын. Алайда жеңіс қырғызстандық әнші Александр Волкодавқа бұйырды, деп хабарлады turkystan.kz. Финалистер үштігіне әнші Дима Биланның командасынан Ернар Садыбаев және композитор Александр Градскийдің командасынан Әлішер Кәрімов қосылған еді. Сахнаға алғашқы болып Леонид Агутин және оның шәкірті Элина Пан шықты, олар Агутиннің «Включите свет» әнін орындады. Екінші болып шыққан қазақстандық Ернар Садырбаев пен жобадағы тәлімгері Дима Билан «Ты должна быть рядом» әнін орындады. Үшінші жұп Пелагея мен қырғызстандық Александр Волкодав болды. Олар ағылшын тілінде ән орындады. Төртінші болып Әлішер Кәрімов шықты, бірақ жалғыз емес. Бұл спектакльге Александр Градскийдің видеосы қосылды. Ол тәлімгерімен бірге «Как молоды мы были» әнін орындады. Нәтижесінде көрермендердің 53,3 пайыз дауысын жинаған қырғызстандық Александр Волкодав «Голос» шоуының жеңімпазы атанды. Екінші орын Әлішер Кәрімовте , ал үздік үштікті Ернар Садырбаев қорытындылады.

Серіктес жаңалықтары