50521
Африкалық қызға жабысып билеген қазақ жігітінің басы дауға қалды (ВИДЕО)
Африкалық қызға жабысып билеген қазақ жігітінің басы дауға қалды (ВИДЕО)
Ғаламторда қазақ жігітінің тойда африкалық қызбен құшақтасып билеген сәтінің видеосы пайда болды. Қара қызбен билеген жігітті көпшілік сынап тастады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбада жігіттің африкалық қыздың белінен құмарлана құшақтап, кейін басын қыздың кеудесіне қойғанын көруге болады. Видеоны көргендер ол құдашамен билеп жатыр деп, оған қара қызды алып қалуға кеңес берді.
«Біздікілер де кетер емес сияқты құдашасын көріп», «Дұрыс, біздің қыздар кете бергенше, олардан да қыз алайық», «Қара қызды құшақтап, біздің жігіт мәз. Енді осындай келін алып, қазақ санын көбейтсе», «Африкаға бір күйеу бала», «Қыз беріп жатырсың, енді қызын алып қалсай», - деп жазды желі қолданушылары.Желі қолданушыларының арасында жігіттің бұл қылығын сынағандар да болды.
«Қасындағы қазақ қыздары жігітке зар боп бір-бірімен билеп жүр», «Жанында қазақ қыздары жүргенде мынаған жабысқанын айтам...», «Ең сұлу - қазақ қыздары», - деп жазды желі қолданушылары.