50289
Қазақстандық стартапқа 1,2 миллион доллар инвестиция құйылды
Қазақстандық стартапқа 1,2 миллион доллар инвестиция құйылды

Танымал ресейлік «Avito Работа» сайты қазақстандық «HR Messenger» стартапына 1,2 миллион АҚШ доллар инвестиция құяды, деп жазды turkystan.kz.
«Avito Работа» - әлемнің түрлі елдеріндегі хабарландыру сайттарын біріктіретін, нидерландтық «Prosus» («Naspers» еуропалық бөлімшесі) компаниясына тиесілі «OLX Group»-тың еншілес компаниясы.
«Клиенттер тарапынан біз осы салаға сұраныс артқанын көріп отырмыз. Осы орайда, біз «HR Messenger» стартапын таңдадық. Өйткені бұл қызмет Ресей мен ТМД-дағы «HR-Tech» нарығының негізгі өкілдерінің бірі. Үміткерлер стартаптың арқасында жұмыс берушімен ыңғайлы жерде сөйлесуге мүмкіндік алады. Екінші жағынан, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру компанияларға бос жұмыс орындарына адам табуға мүмкіндік береді», - дейді «Avito Работа» басқарушы директоры Артем Кумпель.Кез келген компания бір бос орынға қажетті адамды алу үшін 50 шақты қоңырау шалады екен. Ал «HR Messenger» бұл қоңырауларды 5 есеге қысқартады. Нәтижесінде жұмыс беруші үміткерлермен тек соңғы іріктеу кезеңінде ғана байланысады. Ресей нарығында үш жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан қазақстандық стартап «HR-Messenger»-тың негізін қалаушы және СЕО - Руслан Абдулганиев. Жобаның инвесторлары - Мұрат Абдрахманов, «Chocofamily Holding» және «I2BF» қоры.