50272
Ольга Рыпакова Қарулы Күштердің подполковнигі атанды
Ольга Рыпакова Қарулы Күштердің подполковнигі атанды

«Лондон – 2016» Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жаңа әскери атаққа ие болды. Жеңіл атлетттің жаңа әскери атағы – ҚР Қарулы Күштерінің подполковнигі, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы спортшы «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Рыпакова спорт пен әскери өмірдің бір-біріне ұқсайтынын айтты.
«Спорт және әскери өмір – бұл нағыз патриоттарды, әрдайым жеңіске ұмтылатын қайратты, батыл және адал спортшыларды тәрбиелейтін тандем. Қазақстан армиясының спорт клубы мен біздің Қорғаныс министрлігіміздің намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды спортшы.