50348
Жаңа жылдан бастап «көк» статусы барларға жаңа шектеу енгізіледі
Жаңа жылдан бастап «көк» статусы барларға жаңа шектеу енгізіледі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап ASHYQ қосымшасымен «жасыл» мәртебесі бар адамдардың ғана кіруіне рұқсат берілетін нысандар тізімі кеңейетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, спорт орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ASHYQ қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша алдын алу іс-шараларын енгізуді ұсынамыз», - деді ол.Жандос Бүркітбаев эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон-штамм" нұсқасының таралу қарқынының жоғары екенін айтты.
«Халықтың вакцина салуы, жаппай ревакцинация жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы іс-шаралар - елдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына жол бермейді», - деді Жандос Бүркітбаев.