«Ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлап барады» - Ертісбаев (ВИДЕО)

«Ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлап барады» - Ертісбаев (ВИДЕО)

«Ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлап барады» - Ертісбаев (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50630
Саясаттанушы, Елбасының бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Ответь Бажкеновой» YouTube арнасына берген сұхбатында Қытаймен қарым-қатынасымыз жайлы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz. Осы орайда саясаттанушы синофобия мен Қытайға қарсы митингілер толқыны басталған кезде Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы үлкен мақала жазғанын айтты.
«Соңғы жарты жылдың ішінде белгілі бір шиеленіс болуы мүмкін. Қытайға қарсы тақырыпты үнемі көтерген ұлтшылдарымызға рақмет айту керек. Ресеймен қарым-қатынасты бұзғысы келетін де ұлтшылдарымыз бар. Құдай сақтасын, олардың жоспарлары жүзеге асса, еліміз жаппай дағдарысқа ұшырап, талқандалса, онда ұлтшылдарымызға соңғы рет көп рақмет айту керек», - деп жауап берді саясаттанушы.
«Қытай қазақстандық жүктерді шекарадан қашан өткізе бастайды?» деген сұраққа саясаттанушы ол түсінбеушіліктен туындаған уақытша жағдай екенін айтты. Сонымен қатар, Ермұхамет Ертісбаев 1992 жылдың 2 қаңтарынан бастап ҚХР-мен дипломатиялық қатынастар орнатылғанын айтты. Оның пайымдауынша, қазақ-қытай қарым-қатынасы тәуелсіздіктің 30 жылында көпке үлгі тұтарлық болған.

Серіктес жаңалықтары