Хаменова қызметінен әлі босатылмаған

Хаменова қызметінен әлі босатылмаған

Хаменова қызметінен әлі босатылмаған
ашық дереккөзі
50238
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеудің біткенін ақыры түрмеде күтетін болды. Өйткені, ол үйқамақта болса, қызметін, ықпалды тамыр-таныстарын пайдаланып, тергеуге кедергі келтіруі мүмкін екен, деп хабарлады turkystan.kz.  Егер Абай ескерткішіне бөлінген 145 миллион теңге үшін пара алды деген айып бойынша кінәлі деп танылса, Бақытгүл Хаменова 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда, ол темір торға қайта қамалғанмен, қызметінен әлі ресми түрде босатылмапты.
«Қазір соттан ешқандай шешім келген жоқ. Қазір тергеу изоляторында жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан жұмыста болмауына байланысты жалақы жүрмейді. Оған қарасты басқармалар қазір әкімнің өзге орынбасарларына бөлініп берілді», - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

Серіктес жаңалықтары