Демалыс күндері аяз -30 градустан асады

Демалыс күндері аяз -30 градустан асады

Демалыс күндері аяз -30 градустан асады
ашық дереккөзі
50267
«Қазгидромет» РМК 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанған, деп хабарлады turkystan.kz. Сонымен, осы демалыс күндері солтүстік өңірлерде қар жауып, көктайғақ болып, төңіректі тұман басады. Екпінді жел соғып, бұрқасын болады. Батыста түнде -3-13-тен -14-23-ке дейін аяз болады деп күтіліп отыр. Солтүстік-батыста да түнде -7-23-тен -17-33-ке дейін, күндіз -2-11-ден -10-25-ке дейін аяз көтеріледі. Ал солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33 градус, күндіз -10-26-дан -5-15-ке дейін аяз болады. Орталық пен шығыста да ауа температурасы төмендейді. Атап айтқанда, солтүстік-шығыста түнде -5-15-тен -10-25-ке дейін, күндіз -2-11-ден -5 -20-ға дейін аяз; оңтүстікте түнде -3-20 градус, күндіз -8 градус аяз; оңтүстік-шығыста түнде -5, күндіз 0-10 градусқа дейін аяз болады.

Серіктес жаңалықтары