50343
«Жаңа жылда сельд под шубы салатын аздап жеу керек» - Бекшин (ВИДЕО)
«Жаңа жылда сельд под шубы салатын аздап жеу керек» - Бекшин (ВИДЕО)
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тағы да күлкіге қалды. Бұл жолы ол жұртқа жаңа жылда жеміс-көкөніс өнімдерін қалай тұтыну керектігін түсіндірмек болып, «аузынан қағынды», деп жазды turkystan.kz.
Брифинг барысында мемлекеттік тілде зорға сөйлеп отырған ол Жаңа жылдың отбасылық мереке екенін, ұжымдық басқосуларға бармау керектігін ескертті. Мерекені отбасында атап өткеннің өзінде астан уланудың алдын алу шараларын сақтауды да алға тартты. Айтуынша, салат өнімдерін кез келген кездейсоқ орындардан емес, арнайы дүкендер мен сауда орталықтарынан алған жөн.
«Әрине, үстел басында көп компонентті салаттарды аздау қолдану керек. Оларды сұйық маймен пайдаланған дұрыс. Салт-дәстүрден аттап кете алмаймыз, сондықтан майонез қосылатын сельд под шубы деген салат бар, той онсыз өтпейді. Бірақ кешке ғана пайдаланатын сол салаттың мөлшері аздау болуы керек. Сол кеште ғана пайдаланатын салаттарды 3-4 күнге сақтауға болмайды», - деді Жандарбек Бекшин.Өңделгені – біздің сөз. Ал өзінің оны қалай айтқаны төмендегі видеода тұр. Сөйтіп отырып, мегаполистің бас санитары көкөніс, жеміс-жидектерді жақсылап жуу керектігін ескертуді де ұмытпады. «Жуған соң қайнатылған сумен шайып жіберу керек» деп отыр.