50476
30 жылдық: Елордадағы мерекелік шараларға қанша қаржы жұмсалды?
30 жылдық: Елордадағы мерекелік шараларға қанша қаржы жұмсалды?

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні өтті. Енді мейрам аясында жұмсалған қаржының қалай жұмсалғанын сараптап көрейік. 30 жылдық мерейтойға орай елордада көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын. Келісімдерге қол қойылғанымен, барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген жоқ, деп жазды turkystan.kz «Путешествие по гос.закупкам» атты «Telegram»-арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі арнада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына өткен шараларға қанша қаражат бөлінгені туралы ақпарат жарияланды.
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қысқы маусымның ашылуы.
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас ақындар айтысы».
- Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы достығының қалалық фестивалі.
- Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ассамблеяның фотокөрмесі.
«Осы оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін қомақты қаржы бөлінді. Мысалы, «Елорда Ақпарат» ЖШС-мен «елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарды вакцинациялаудың барысы және коронавирустық инфекциямен күресу барысында қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпараттық материалдарды әзірлеу» мақсатында 45 миллион теңгеге екі келісімшарт жасалған. Бірақ басылымның ресми сайтынан бұл шаралар туралы жөнді ақпарат табылған жоқ», - деп жазылған телеграм-арнада.