«Жаңа нұсқалардың пайда болуына қарамастан, вакциналар адамдарды «SARS-COV-2»-ден ауыр аурудан және өлімнен қорғаудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді», - деді Марианджела Симау.Жаңа вакцина төмен және орташа кірісі бар елдерге «COVID-19» вакциналарын тегін алуға мүмкіндік беретін механизм – «Covax» портфолиосының бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Covovax» вакцинасы ұйымның коронавирустан қорғау стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті. Өйткені препараттың пайдасы кез келген қауіптен әлдеқайда жоғары.
Не «Спутник V», не «QazVac» емес: ДДСҰ тағы бір вакцинаны мақұлдады

Не «Спутник V», не «QazVac» емес: ДДСҰ тағы бір вакцинаны мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «Covovax» атты коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаны шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді. Бұл - халықаралық ұйым мақұлдаған тоғызыншы вакцина, деп жазды turkystan.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық ұйым бас директорының дәрі-дәрмектер мен денсаулық өнімдеріне қолжетімділік жөніндегі көмекшісі Марианджела Симаудың айтуынша, «Covovax» вакцинасын американдық «Novavax» компаниясының лицензиясы бойынша Үнді сарысу институты шығарады.