«Достар, жақында Дубайда менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан «Address Boulevard» отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба «DQ Show & Gastronomy» деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тағамының үйлесімі болады», - деп жазды ол.Оның хабарлауынша, мейрамханаға бір уақытта 300 адам сияды. Жалпы аумағы екі жарым мың шаршы метрлік орынның 300-і кәсіби сахна. Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетпек.
Димаш Дубайдағы Бурдж-Халифаның жанынан мейрамхана ашпақ

Димаш Дубайдағы Бурдж-Халифаның жанынан мейрамхана ашпақ
Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Instagram» парақшасында Дубайда мейрамхана ашатынын жариялады, деп жазды turkystan.kz.