Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокдаунға түсірді (ВИДЕО)

/
Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокдаунға түсірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокдаунға түсірді (ВИДЕО) Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпқой бокс кешінде Мысырдан келген Абдумонем Саидпен (22-1-1, 11 КО) кездесті, деп жазды turkystan.kz. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ кездесу ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундтың 45-секундында Жанқош Тұраров техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Жанқош кәсіпқой рингтегі 25-жеңісіне қол жеткізді. Соның ішінде 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Абдумонем Саид спортттық мансабындағы екінші рет қарсыласына есе жіберді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары