50286
Данияр Елеусінов «IBO» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды
Данияр Елеусінов «IBO» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінде «IBO» титулын жеңіп алды, деп жазды turkystan.kz.
Елеусінов жекпе-жекте Аргентина боксшысы Хуан Эрнан Леаомен кездесті. 12 раундтық кездесудің екінші және үшінші раундтарында қарсыласы нокдаунға түскенімен, жекпе-жек соңына дейін созылды. Соңында төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов жеңіске жетті.
Айта кетейік, Данияр бұл жекпе-жекте айқын фаворит саналған және сарапшылардың көпшілігі оның нокаутпен жеңетінін болжаған болатын.
Бұған дейін Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі 10 жеңісінің алтауын нокаутпен аяқтады.