50279
«Қоңырау шалса болды». Хабиб қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады
«Қоңырау шалса болды». Хабиб қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

«Eagle FC» лигасының басшысы ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов өзінің бұрынғы қарсыласы америкалық Дастин Порьемен (28-8-0-1) келісімшартқа отыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол АҚШ-та өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Дастин Порьені «Eagle FC» лигасына 75 килограмм салмаққа аламын. Егер «UFC» оны жіберетін болса, келісімшарт жасасуға дайынмын. Алға, Дастин! Қоңырау шалсаң болғаны», - деді «UFC»-дің бұрынғы чемпионы.Айта кетейік, Хабиб пен Порье 2019 жылдың қыркүйек айында «UFC» аясындағы турнирде жұдырықтасқан болатын. Бұл жекпе-жекте ресейлік екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, титулын екінші рет қорғап қалған еді.