Ұлттық банк Елбасы бейнеленген монеталарды айналымға шығарды

Ұлттық банк Елбасы бейнеленген монеталарды айналымға шығарды

Ұлттық банк Елбасы бейнеленген монеталарды айналымға шығарды
ашық дереккөзі
50416
Қазақстан Ұлттық банкі «TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL» атты коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Олар дизайны 1993 жылы шыққан банкноттар арасындағы байланысты бейнелейді, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық банк мәліметінше, коллекциялық монеталарда тарихи тұлғалар бейнеленген. Олардың қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Күмістен жасалған монеталар алтын жалату технологиясымен жасалған. Интерференционалды нұрлы жабын барлық монеталарда қолданылған. Сонымен қатар бейнелері де бірдей. Монетаның беткі жағында (аверс) номиналы, Ұлттық банк логотипі мен металла атауы, сынамасы және массасы жазылған. Артқы бетінде (реверс) Мемлекеттік ту, Қазақстан картасы, тұлғалар портреті мен ою және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының ресми логотипі бейнеленген. 5 мың теңгелік монета 925 сынамадағы күмістен жасалған. Массасы – 933 грамм, диаметрі – 100 миллиметр және таралымы – 300 дана. монета 500 теңгелік монета 925 сынамадағы күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 миллиметр және таралымы – 3 мың дана. монета 100 теңгелік монета мельхиордан жасалған және массасы – 15 грамм. Диаметрі 33 миллиметр болатын монета 30 мың таралыммен жарық көрмек. Еске сала кетсек, 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 20 мың теңге айналымға енгізілген еді.

Серіктес жаңалықтары