Түркістанда бір қошқар 18 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО)

Түркістанда бір қошқар 18 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО)

Түркістанда бір қошқар 18 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
51379
Жергілікті шаруа қожалық басшыларының  бірі Рустам Тургунов асылтұқымды қошқарын саудалаған. Каштан есімді қошқардың бағасы – 40 мың АҚШ доллары, деп жазады turkystan.kz. Жуырда әлеуметтік желілерде сатылымға шығарылған қошқардың видеосы тарап кеткен болатын. Видео авторы Анвар Рустемовтің айтуынша, ел тарихында ең қымбат асылтұқымды мал қолма-қол ақшаға сатылып отыр. 18 миллион теңгеге өткен қошқардың бойы – 1 метр 5 сантиметр. Аталық қойды жергілікті фермер Қуаныш Мықтыбаев сатып алды. Видео авторы бұған дейін өзінің «Youtube» арнасында Рустам Тургуновтың шаруа қожалығы туралы репортаж жария еткен болатын. Онда Каштан есімді қошқар жайлы жан-жақты ақпарат берілген. Сондай-ақ, шаруа қожалық иесінің бұл асылтұқымды малды осыдан төрт жыл бұрын 10 мың АҚШ долларына сатып алғаны айтылған.

Серіктес жаңалықтары