Оралдық әйел де 3 баласымен биіктен секіріп өлмек болды

Оралдық әйел де 3 баласымен биіктен секіріп өлмек болды

Оралдық әйел де 3 баласымен биіктен секіріп өлмек болды
ашық дереккөзі
Оралдық Алтынгүл Теміршеева 3 баласымен бірге биік ғимараттан секіріп өлмек болған. Мамандар оған дер кезінде көмектесіп үлгерді. Жас ананың мұндай қадамға баруына әлеуметтік жағдайдың қиындығы мен күйеуінің бас бостандығынан айрылуы себеп болған, деп хабарлады turkystan.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. Алтынгүл Теміршеева ауылдан Орал қаласына осыдан екі жыл бұрын көшкен. Жасы 33-те. Күйеуі құрылыста жұмыс істеп келген. Өзі бала күтіміне байланысты үйде отыр. Жуырда отбасында 3-нәресте дүниеге келген. Бірақ олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, Алтынгүлдің күйеуі қамауға алынып, жас ана жаңа туған, 4 және 6 жастағы үш баламен жалғыз қалды. Жуырда ол әлеуметтік желіде балаларымен бірге биік ғимараттан секіріп өлуге бел буғанын жазды. Жазбаны оқыған адамдар тиісті органдарға хабарласқан. Осылайша мамандар қайғылы оқиғаға тосқауыл болды. суицид
«Күйеуім жүргізуші куәлігінен айрылып қалған. Жалпы оғаш қылығы жоқ жақсы адам. Жуырда қайтадан рөлге отырып, бұрылыста қарсы беттегі автокөлікті сырып өтіпті. Болар-болмас қана сызат түскен. Иесіне оны қалпына келтіруге 10 мың теңге төледік. Алайда полиция күйеуімді қамауға алды. Тергеуші 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін айтқанда төбемнен жай түскендей болды. Абдырап қалдым. Өзім жаңа босанған едім, оның үсіне үлкен балам ауырып қалды. Дәрі-дәрмекке ақша жоқ. Қиналып кеттім. Сол сәтте Алматыда 3 балалы ананың секіріп өлгені жайында оқыдым. Бұл оқиға маған қатты әсер етті. Басыма түскен проблемалардан қашып, мен де солай істегім келді», - дейді Алтынгүл Теміршеева.
Оның өзі 3-топтағы мүгедек. Туабітті кемістікке шалдыққан. Інісінен басқа қол ұшын беретін жақын адамы да жоқ. Ата-анасы қайтыс болған. Күйеуі екеуінің 3 несиесі бар. Ай сайынғы төлем 60 мың теңгеден асады. Ол банктік қарызды өтей алмайтындығын айтады. Балалары ауырып, қысылғанда дәрі-дәрмекті де несиеге алған. Бірақ төлемді өтей алмай жүр.
«Үлкен баламның сабаққа бармай жүргеніне 1 айдан асты. Бауыры ауырады. Дәрі-дәрмек алу керек болды. Күйеуімнің атынан «Kaspi RED» арқылы қарыз рәсімдедім. Үш несие бар. Күйеуіме адвокат жалдадық. Оның бәрі шығын. Біздің отбасы үшін өте үлкен сома», - дейді Алтынгүл.
Отбасы пәтер жалдап тұрады. Айына 70 мың теңгедей төлейді. Бір адамның табысын бір отбасына жеткізу оңай емесі анық.
«Атаулы әлеуметтік көмек алмаймыз. Өйткені жолдасымның атында көлік бар. Ешкімнен көмек сұрап, алақан жайған емеспіз. Жолдасым сотталып кетсе, күніміз не боларын білмейміз. 20 желтоқсан күні үкім шығуы тиіс. Сол күн жақындаған ойлаған сайын жүрегім алқымыма келеді. Қиналып жүрмін», - дейді Алтынгүл.