Жаңалықтар

9-қабаттан 3 баласымен cекіріп кеткен әйелдің көршісі тың дерек айтты

Үш бірдей баласымен 9-қабаттан құлап, көз жұмған әйелдің көршісі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Шынар төртеуінің жерге құлағанын көріп, жедел жәрдем шақырған, – деп жазады Ulysmedia.kz.

28 жастағы әйел балаларымен Жетісу мөлтек ауданындағы №21 үйде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрған. Үйдің үлкен қос қызы үйдің 1 қабатындағы дүкенге жиі барып тұрған деседі.

Минимаркет иесінің айтуынша, балалар әрқашан ұқыпты киінген және қарызға азық-түлік алмаған. Отбасы мұнда жеті ай тұрса да, дүкен иесі балалардың анасын есіне түсіре алмады.

Марқұмның көршісі Шынар үйдің бесінші қабатында тұрады. Шынардың үш баласы бар, кішісінің жасы 14-те. Қайғылы оқиға болған уақытта ол түскі ас дайындап жатқанын айтады.

“Бірдеңенің жерге құлағанын естідім. Терезелер ашық тұрған. Әлдебіреу терезеден қоқыс тастап жатыр деп ойладым. Бірнеше секундтан кейін екінші дауыс шықты. Сонда терезеден қарадым. Миым көргенімді қабылдаудан бас тартты. Бұл “манекен, манекен” дей бердім өзіме. Кішкентай ұл бала киімсіз еді. Үстінде бір ғана майка болды. Одан кейін қыз бала. Кейін төртеуі де сонда жатты. Айқайлай бастадым. Не дегенім есімде де жоқ. Болған оқиғадан кейін әлі есеңгіреп тұрмын. Күйеуім далаға шыққанда қыздың қолы қимылдап жатты. Оны көтермекші болған деген кезде қозғауға болмайтыны есіне түсті”, – дейді Шынар.

Оқиға болған кезде әйелдің күйеуі үйде болмаған. Көршілерінің айтуынша, күйеуінің туыстары келген.

“Ең сорақысы не екенін білесіз бе? Балалар да, анасы да үнсіз құлады. Тыныш қана секіріп кетті. Олардың астындағы көршісі шығып, “Не істеп жатырсыз?” деп айқайлай бастады”, –  дейді көршісі.

Әйел өлер алдындағы хатында өмірден шаршағанын, бұл оқиғаға кінәлі адам кім екенін сол кісінің өзі білетінін айтады. Тергеу болжамы бойынша, суицидке отбасындағы ұрыс-жанжал себеп болуы мүмкін.

Ал есімін жасырып қалуды құп көрген, тергеуге жақын дереккөздің айтуынша, күйеуі әйелі мен балаларын тастап, басқа әйелге кетіп қалған.

“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Back to top button