50348
Қайырлы іс
Қайырлы іс

Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданы 10 «Б» үй, 48 пәтердің тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Аккенже Ахмедова далаға кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында «Nur Otan» партиясының Тараз қалалық филиалына өтініш білдірген болатын.
«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық мәслихаты депутаттық фракциясының мүшесі Әйгерім Даулетбаева I топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның үйіне барып, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.
Сол сәтте ол «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, «30 игі іс» бағытында демеушілерді тарта отырып, Ақкенже Ахмедоваға электронды қоларба тарту етті. Жұмсалған қаражат – 600 мың теңге.