50351
Жыл басында медициналық сақтандыру жарнасы өседі
Жыл басында медициналық сақтандыру жарнасы өседі

Қазақстанда 2022 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру («МӘМС») үшін жалақыдан ұсталатын қаржы мөлшері көбейеді, деп жазады turkystan.kz.
Алдағы жылы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді. Осыған орай, МӘМС-тің жарна мөлшерлемесі де 2125 теңгеден 3000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2022 жылы жұмыс берушілердің медициналық сақтандыру аударымдарының мөлшері 3 пайызға дейін өседі. Алайда, жарналар бұрынғысынша жалақыдан ұсталатын болады.
«2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгені құрайтын болады. Сондықтан «МӘМС»-тің жарнасы да 875 теңгеге артады. Бұл өзгерістер ЖК, АШ иелеріне және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – 2 975 теңгеден 4 200 теңгеге дейін (1,4 ЕТЖ-дан 5%)», – деді басқарма басшысы.