Қазақстанда 2022 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру («МӘМС») үшін жалақыдан ұсталатын қаржы мөлшері көбейеді, деп жазады turkystan.kz. Алдағы жылы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді. Осыған орай, МӘМС-тің жарна мөлшерлемесі де 2125 теңгеден 3000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2022 жылы жұмыс берушілердің медициналық сақтандыру аударымдарының мөлшері 3 пайызға дейін өседі. Алайда, жарналар бұрынғысынша жалақыдан ұсталатын болады.
«2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгені құрайтын болады. Сондықтан «МӘМС»-тің жарнасы да 875 теңгеге артады. Бұл өзгерістер ЖК, АШ иелеріне және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – 2 975 теңгеден 4 200 теңгеге дейін (1,4 ЕТЖ-дан 5%)», – деді басқарма басшысы.