50238
115 жылқы ұрлаған павлодарлық Мәскеуде ұсталды
115 жылқы ұрлаған павлодарлық Мәскеуде ұсталды

Жүзден астам жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген 54 жастағы барымташы сот төрелігінен қашып, елден тыс жерге кеткен, деп жазады turkystan.kz.
Павлодарлық полиция қызметкерлері Ресей астанасы – Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде қашқынның жүрген жерін анықтады. Полициядан үш жыл бойы жасырынып келген ер адам Мәскеу метроларының бірінің станциясында ұсталды.
Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексеру жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.
Жыл басынан бері Павлодар облысының жедел уәкілдерінің күшімен қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған 96 қылмыстық қылмыскер ұсталды.