Нұрсұлтан Назарбаев: Маған жандарыңыз ашығаны үшін рахмет!
Нұрсұлтан Назарбаев: Маған жандарыңыз ашығаны үшін рахмет!
Сеулдегі сапарының қорытындысы бойынша журналистерге арнап брифинг өткізген Мемлекет басшысы бір ай бұрынғы сырқаты жайлы айтып берді.
"Бір ай бұрын менің салқын тиіп сырқаттынып қалғаным жайлы халыққа айтқанда мен қазақстандықтардың мыңдаған тілектерін оқып шықтым. Осы сәтті пайдалана отырып Интернетте, сайттарда жазылған, блогерлердің жазған тілектеріне және барлығына алғыс айтамын. Салқын тиіп сырқаттанып қалғаным жайлы айтуға тура келді, себебі халықаралық сапарларды – Әзірбайжан мен Арменияға жоспарланған сапарымды кейінге шегеру керек болды. Себебі адам дене температурасы мен жөтел бола тұра, бір жаққа бара алмайды ғой", – деді ҚР Президенті Сеулдегі сапарының қорытындысы бойынша журналистерге арналған брифингте.
"Маған жандарыныз ашып, тілектестік білдіргендеріңіз үшін көп рақмет", – деді Мемлекет басшысы.
Брифингте Мемлекет басшысына оның жұмыстың мұндай қарқынына қалай ілесіп жүргенін, яғни бірден екі сапарға баруға қалай үлгеріп жүргені жайлы сұрақ қойылды. "Әрдайым сергек болу керек. Мен командирдың әрқашан алда болып, денсаулығы мықты болу керектігін білемін. Президенттің жұмысы осындай, өзінді толықтай жұмысқа арнау қажет, жұмыстан тыс уақытта да. Осылай ғана тапсырылған міндеттерді орындауға болады", – деді Назарбаев.