50535
Pfizer вакцинасын 50 мың теңгеге кім салдырмақ?
Pfizer вакцинасын 50 мың теңгеге кім салдырмақ?

Әлеуметтік желілерде Pfizer/BioNTech өндірген вакцинаны салдырғысы келген қазақстандықтар үшін оның бағасы 50 мың теңге болатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Хабарлама авторы вакцинаның бағасын білмек болып Алматы қалалық №4 емханаға хабарласқан. Алайда емхана мамандары ол ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Бүгінде қалалық №4 емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізіліп жатыр. Бірақ вакцинаның құны әлі белгісіз. Біздің дәрігерлерге оған қатысты нұсқау берілген жоқ» деп отыр емханадағылар.Сондай-ақ олар 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech вакцинасын тегін алатынын жеткізді.