50233
«Вирус ешқайда кеткен жоқ, мектептер күн сайын жабылып жатыр» – Цой
«Вирус ешқайда кеткен жоқ, мектептер күн сайын жабылып жатыр» – Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық кештер өткізу әр аймаққа және ондағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ Жаңа жыл мерекесін отбасында атап өткен жөн, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаңа жыл – әрқашан отбасылық мейрам. Сондықтан адамдар санын шектеген дұрыс. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, ауру әлі де таралып, өлім-жітім деректері де тіркеліп жатыр. Барынша сақтанып, отбасыңызбен ғана қарсы алыңыз», - деді министр.Оның айтуынша, ірі жиындарды да шектеген жөн.
«Егер аз адам жиналғанның өзінде індет жұқтыру қаупін болдырмас үшін белгілі талаптары бар. Арақашықтықты сақтау мүмкін болатын кейбір конференцияларды қоспағанда, ірі іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ. Мектептердің өзі күн сайын жабылып жатқанын көріп отырсыздар. Адамдар әлі де ауырып жатыр. Одан құтылудың жалғыз тәсілі – вакцинация», - деді Алексей Цой.Осы орайда, ол Денсаулық сақтау министрлігінің өзі ұжымдық кеш өткізбейтінін жеткізді.