ДДСҰ төрағасы Жүрсін Ерман құдасын құттықтады (ВИДЕО)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ақын Жүрсін Ерманды құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ақын Жүрсін Ерманды қазақша құттықтаған Тедрос Адханом Гебрейесустың видеосына қазақстандықтар да пікір жазып қалдырған. Оның ішінде үйқамақта отырған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та бар.
«Тедрос мырза, рақмет! Сізге, отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін!» деген мағынада ағылшын тілінде пікір жазып қалдырған Біртанов.
Ал қазақ ақыны мен шетелдік жоғары лауазым иесінің қалайша құдалы-құдандалы болып жатқаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.