Тележобаның тұсаукесері өтіп, үздік журналистер марапатталды

Тележобаның тұсаукесері өтіп, үздік журналистер марапатталды

Тележобаның тұсаукесері өтіп, үздік журналистер марапатталды
ашық дереккөзі

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім жолымен» тележобасы қорытындысының тұсаукесері және «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Марат Әзілханов пен Майя Бекбаева, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.  width= Жиын барысында ҚХА «Бейбітшілік және келісім жолымен» фильмі көрсетілді. Аталмыш тележобаның мақсаты – елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету. Тұсаукесер рәсімінде сөз алған Марат Әзілханов «Батыс», «Шығыс», «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Орталық» атты бөлімдерден тұратын кинотуындының мазмұны мен мағынасы жағынан өте маңызды жоба екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, жоба Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі бірлік, бейбітшілік пен келісім саясатының стратегиялық сабақтастығын білдіреді, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі осы саясатты танымдық тревэл-шоудың жаңа форматында қорытындылауға жасалған талпыныстардың бірі болып табылады.  width= Ассамблея төрағасының орынбасары аймақтардың, еңбек ұжымдарының, нақты адамдардың тағдыры арқылы фильм авторлары экономикалық, әлеуметтік және жанды адами мысалдарда бейбітшілік пен келісім саясатының эволюциясы мен нәтижелерін бақылағанын атап өтті. Фильмнің тағы бір маңыздылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының – Елбасы құрған институттың біріктіруші рөлін ашу болып табылады. Қорытындылай келе, Марат Әзілханов бұл фильмді көргендердің бәрі өз елі үшін мақтаныш сезіміне бөленетініне, мемлекеттің ертеңі мен болашағына деген үлкен сенім сезінетініне сенім білдірді. Тұсаукесер қорытындысы бойынша Майя Бекбаева бастаған түсірілім тобының мүшелерін, медиа саладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ фильмнің түсіріліміне үлес қосқан аймақ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.  width= Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттайтын журналистерге қолдау көрсету мақсатында этножурналистика саласында республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауын өткізген болатын. Шара барысында байқауы жеңімпаздары марапатталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбына арналған үздік жарияланымдардың авторларына сыйлықтар табысталды. БАҚ өкілдерін келе жатқан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаған ҚХА басшылығы этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға жәрдемдесетін, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамытуға үлес қосып жүрген журналистерге алғыстарын білдірді.  width=