Балалары үйсіз қалдырған қария өз қызымен соттасуда

Балалары үйсіз қалдырған қария өз қызымен соттасуда

Балалары үйсіз қалдырған қария өз қызымен соттасуда
ашық дереккөзі

Шымкентте балалары үйінен қуып шыққан Саламат Балабаева өз қызымен соттасады. Тұрғын үйінен айырылған ол бүгінде «Көмек» оңалту орталығында өмір сұруде, деп хабарлады turkystan.kz. Баспанасын сатып өндірген ақшасын балаларына бөліп берген 75 жастағы әжейдің айтуынша, үлкен қызы өз үйіне кіргізгенімен, өз үлесі қолына түскен соң анасын қуып жіберген. Басарға тауы қалмаған қария бір апта бұрын қайтыс болған қызының үйі бар екенін есіне алады. Сонда тұра тұруды ойлағанымен, ол үйге де кіре алмайды. Белгілі болғандай, үлкен қызы сіңлісінің жетісінің өткенін де күтпестен қажетті құжаттарды ресімдеуге кірісікен. Анасының қолын қойдыртып, баспананы өз атына аударып алған. Қорлыққа шыдай алмаған әжей сотқа арыз жазуға мәжбүр болды.

«Соттан маған сол үйді қайтып берсін деп талап етіп жатырмын. Маған баспана керек. Мен ешкімдікін тартып алайын деп жатқан жоқпын. Қазірше жеке тұра тұрайыншы. Тыныштық керек, шаршадым. Балаларым мен немерелерімді аяғынан тұрғыздым. Жұмыс істедім. Енде менің аздап демалуға құқығым бар шығар? Енді қызым мынадай істеп, көңілім барлық нәрседен қалып тұр», – деді зейнеткер.
Әжей басқа қыздарының көмегімен 400 мың теңге несие алып, адвокат жалдады. Пәтер жалдау қиындық тудырғандықтан, Шымкенттегі «Көмек» оңалту орталығында қоныстанды. Біраз уақыт бұрын бұл жерге тағы бір қызы келіп, анасын емдейтінін айтты. Бірақ әжейге тағы 500 мың теңгеге несие алуға тура келген. Бүгін таңда қарыздардан құтылудын амалын іздеген әжей тек зейнетақысымен күн көреді. «Көмек» оңалту орталығының басшысы Малика Әбдірашқызының айтуынша, бүгінгі таңда істің мән-жайы белгілі болғанымен, шешім әлі қабылданбаған. Орталық өкілдері тек тегін көмек көрсетуге дайын. Ал заңды түрде қол ұшын бере алмайды. Әжеймен соттасып жатқан үлкен қызы үш адвокат жалдаған. Бес баланы жалғыз өзі асыраған әжей бүгінде көмекке мұқтаж болып отыр. Қазіргі күні миллионға жуық қарызы бар. Өз балаларының үйлеріне сыймаған қарт оңалту оралығына ғана сеніп отырған жайы бар.