Байден Тоқаевты құттықтады

Байден Тоқаевты құттықтады

Байден Тоқаевты құттықтады
ашық дереккөзі

Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байден Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау хатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстанның Орталық Азия мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», - деп жазды америкалық көшбасшы.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Джозеф Байден алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді деп санайды. Ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша Қазақстанның орасан зор күш-жігерін жоғары бағалады.
«Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті», - деп мәлімдеді АҚШ Президенті.