Отандық мердігер компаниялар құрылыс нарығының күйреуін болжап отыр

Отандық мердігер компаниялар құрылыс нарығының күйреуін болжап отыр

Отандық мердігер компаниялар құрылыс нарығының күйреуін болжап отыр
ашық дереккөзі

Қазақстандық құрылыс компаниялары алдағы уақытта отандық құрылыс нарығының күйреуін болжауда, деп хабарлайды turkystan.kz. Сала өкілдерінің айтуынша, бұған әлем мен елімізде құрылыс материалдарының үсті-үстіне қымбаттауы себеп болып отырған көрінеді. Сол себепті құрылыс салушыларда қаражат жеткіліксіздігі туындауы мүмкін. Ресми мәліметтер бойынша жыл басынан бері құрылыс материалдарының бағасы 30 пайызға қымбаттаған. Қарағанды ​​облысының құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы Төлеген Әшімовтің айтуынша, бұл көптеген нысандардың құрылысына қауіп төндіреді.

«Алдағы уақытта елімізде мердігерлер қаржыны иегере алмауының нәтижесінде сақалды құрылыстардың саны артады. Мақсатты баға нарықтағы өзгерістерге тез жауап бере алмайды. Қазіргі нарықтық бағаға көшу керек. Себебі, онда тұрғын үйдің бағасы көтеріледі. Бірақ халықтың төлем қабілеті нашарлауда. Ал бұл құрылыс нарығының құлдырауына және банкроттыққа әкелуі мүмкін», – дейді Төлеген Әшімов.
Мамандар құрылыс материалдарын шығаратын отандық кәсіпорындарды ашу арқылы тығырықтан шығуға болатынына сенімді. Қазақстандағы негізгі проблемалардың бірі – жобалық компаниялар белсенділігінің төмендігі. Мәселен, Ресей мен Еуропа елдеріндегі құрылыс копаниялары соңғы 50 жылдан бері жаңа технологияларды пайдаланып келеді. Ал біздің елімізде бұл технологиялар ондаған жылдарға кешігіп жетуде. Сала өкілдері орын алған бұл өзекті мәселені шешу үшін нарық бағасын реттеу керек. Сонда ғана тұрғын үй салу тиімді болады. Яғни, құрылыс комитеті нарықты реттеудің жаңа стратегиясын әзірлейтін уақыт жеткен сыңайлы.