Қазақстанда атом электр стансасы салынады – Н.Назарбаев

Қазақстанда атом электр стансасы салынады – Н.Назарбаев

Қазақстанда атом электр стансасы салынады – Н.Назарбаев
ашық дереккөзі

Алдағы уақытта елімізде атом электр стансасы салынады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдемені американдық режиссер Оливер Стоунның «QAZAQ. Алтын адам тарихы» атты сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекеттік телеарналар режиссердің Қазақстандағы атом энергетикасына арналған үшінші бөлімді толығымен көрсетті. Сұхбат барысында Тұңғыш Президент Семейдегі полигонды жабу және ел аумағында атом электр стансасын салу жоспарына тоқталып өтті.

«Біз атом электр стансасын саламыз. Мердігер мен технологияны таңдау керек. Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және америкалық компаниялар үлкен ынта танытып отыр. Станса кез келген жағдайда салынуы керек. Әйтпесе ел электр қуатының тапшылығына ұшырайды. Бұл қазірдің өзінде шешілген, сондықтан даулы мәселеге жатпайды. Орынды анықтау ғана қалды. Қазір біз оны қайда жасау керектігін іздейміз» – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, атом электр стансасын салу қажеттілігі елдегі болашақта электр қуатының тапшылығымен байланысты. Соңғы уақытта АЭС құрылысы тақырыбы үнемі жоғары деңгейде көтеріліп келді. 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына елімізде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуді тапсырған болатын. Еске сала кетсек, Елбасы бұған дейін халықтың келісімінсіз елде атом электр стансасы салынбайды деп мәлімдеген еді.