1843
Жоғарғы Соттың судьясы пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Жоғарғы Соттың судьясы пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Астанада Байқоңыр ауданының №2 соты Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттиновтың және Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Лиза Тұрғынбаеваның үкімін жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz.
informburo.kz мәліметінше, сот Жанғұттиновтың делдал Абдусаттаров арқылы Тұрғынбаевадан 7 000 доллар алғанын анықтады."Тұрғынбаева делдал арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға ірі көлемде пара берді. Делдал-Абдусаттаровқа қатысты тергеу органы құқық қорғау органына пара бергені туралы өз еркімен хабарлауына байланысты қылмыстық іс сотқа дейін тоқтатылды", – деп хабарлады сотта.Мейрам Жанғуттинов пен Лиза Тұрғынбаева 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.