Оралда 20 жастағы полицей полиция ғимаратында өзін-өзі атып тастады

Оралда 20 жастағы полицей полиция ғимаратында өзін-өзі атып тастады

Оралда 20 жастағы полицей полиция ғимаратында өзін-өзі атып тастады
ашық дереккөзі
1595

Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат шамамен 07:40-та Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болған. Ғимаратты күзету тобында қызмет атқарған 20 жастағы полиция кіші сержанты бекітілген табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтірді. Полицей ішкі істер органдарында биылғы мамырдан бері қызмет атқарған. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары