851
Рақымшылық туралы Заң аясында қанша адам түрмеден босатылады?
Рақымшылық туралы Заң аясында қанша адам түрмеден босатылады?
Парламент Сенаты Тәуелсіздіктің 30 байланысты рақымшылық жасау туралы Заң қабылдап, Президентке жолдады, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Заң жобасын мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері және сарапшылар талқылаған, ғылыми-құқықтық сараптамалар жасалған. Ішкі істер министрінің айтуынша, қазір еліміздегі 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның 30 мыңына сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр."Заң жобасы бойынша 2 292 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 753 адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 мың адам қамаудан бостандыққа шығады, 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1330 сотталушының, пробацияда тұрған 7492 адамның жаза мерзімі қысқартылады", - деді ол.Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауаптан босатылады. 1471 адамға сот органдарының жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады. Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барған адамдар рақымшылыққа ілікпейді. Ішкі істер министрінің айтуынша, қазір Қазақстанның түзеу мекемелерінде шет мемлекеттің үкімімен сотталған 35 азамат жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 31 қазақстандық – Ресейде, Беларусь пен Қырғызстанда екі-екі адамнан сотталған.
"Олардың тек біреуі ғана рақымшылыққа ілігеді. Ол ауыр қылмыс үшін төрт жылға сотталған болатын. Үш жылы өтті, тек бір жылы қалды. Сол үшін ол азамат осы рақымшылық туралы заң жобасына келіп тұр", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.Ал қалған 34 адам – аса ауыр және ауыр қылмыс үшін сотталғандар.