Қазақ қаламгерлерінің ұйымы қашанда ұлт руханиятының жоқшысы

Қазақстан Жазушылар одағы – қазақ рухани әлемі үшін көп пайдасын тигізген ұйым. Кеңестік кезеңнің өзінде біртұтас қазақ әлемін қалыптастыруға зор әсер етіп, қазақ ұлтының сақталуы үшін қазақ қаламгерлері төккен терде есеп жоқ десе де болады.

Қазақ қаламгерлерінің ұйымы қашанда ұлт руханиятының жоқшысы
ашық дереккөзі
3661

Дегенмен тәуелсіздік кезеңінде қоғамдық ұйымдардың біріне айналған қазақ қалам­герлері ұйымының қоғамда беделі біраз төмендесе де, кейінгі жылдары жаңа сер­пінмен дамып жатқанын атап көрсетуге болады. Сондықтан біз тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Жазушылары одағының атқарған істері туралы осы ұйым төрағасының орынбасары, белгілі ақын, М.Мақатаев және Ж.Нәжімеденов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты Бауыр­жан Жақыптан сұраған едік. − Бауыржан Өміржанұлы, сіз Қа­зақ­стан Жазушылар одағы бас­шы­лары­ның бірісіз. Сол үшін де сізден ең ал­дымен «елімізбен бірге заманның не­бір аумалы-төкпелі дәуірлерін бас­тан кешірген қазақ қаламгерлерінің ұйы­мы тәуелсіздіктен бергі уақыттағы қыз­меті қандай болды?» деп сұрағым кел­іп отыр. − Сұрағың орынды. Қазақстан Жазу­шы­лар одағы өзге шығармашылық одақтар ара­­­сында халыққа ең танымалы ғой. Өйт­ке­ні онда еліміздің атын әлемге танытқан қа­ламгерлер еңбек етсе, ұйымның өзі 90 жыл­ға жуық уақыттан бері қазақ тілінің, қа­зақ болмысының сақталуы үшін мол пай­дасын тигізер небір шаруаларды атқарып ке­леді. Былайша айтқанда, қазақ қалам­гер­лерінің басын қосып отырған одақ ұлт мүд­десін қорғайтын, соның мәселелерін ше­шумен айналысатын бейресми ұйым се­кілді болды. Жасыратын несі бар, кеңестік кезеңдегі со­лақай саясаттың әмірі жүріп, ұлтымызға қар­сы жасалған небір қанды науқандардың ны­санасына алдымен ілінген де осы Жа­зу­шы­лар одағының мүшелері − ақын-жазу­шы­ларымыз болды. Мәселен, ХХ ғасырдың бас кезіндегі алмағайып кезеңде ұлт тәуел­сіз­дігін алу жолында «Алаш Орда» пар­тия­сын құрып, жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетін жа­сауға белсене кіріскен алашшыл қалам­гер­лер сталиндік репрессияның құрығына ілініп, мезгілсіз мерт болды. Сөйтіп Шәкәрім Құ­дайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мір­жақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағ­жан Жұмабаев секілді азат ойлы, жаңа әде­биеттің бастауында тұрған тұлғалардың ең­бектері мансұқталып, олардың кітаптары тәркіленді, аттарын атауға тыйым салынды. Туындылары жарты ғасырдан аса уақыт қараңғы архивтердің қол жетпейтін жер­лерінде шаң басып жатып, олардың аттарын бі­летін аз ғана адам қалғанда тәуелсіздік таңы атып, арыстарымыздың есімдері ақ­талып, халқымен қайта қауышты. Және ол азаттық алып, еркіндіктің дәмін енді тата ба­стаған халыққа рухани күш-жігер берді. Ха­лық өзі үшін еңбек етіп, тері мен қаны бір­дей аққан қайсар қаламгерлердің ғиб­ратты ғұмырын, өнегелі туындыларын мақ­таныш етті. Расында кеңестік кезеңде ұлт үшін құрбан болғандардың арасында қа­лам­гер азаматтардың болуы олардың қа­тарында ұлт мүддесі үшін күрескендердің болуы қазақ ақын-жазушыларының беделін көтерді. Жазушылар одағының көптеген мү­ше­­лері, аты елге мәлім талай ақын-жазу­шылар кеңес­тік кездегі ұлты­мыз­ға жасалған қия­нат пен жазықсыз жаза­лан­ған тұлғалар жайын­да көп жазды. Мұның бәрі тәуел­сіз­діктен бергі жердегі ең маңызды шару­­лар­дың бірі − отарсыздану үдерісінің өз дең­гейінде жүруіне септігін тигізді деп ай­та ала­мын. Әрине, тәуелсіздіктен кейін еліміз со­­­циализмнен бас тартып, еркін на­рықтық экономикаға көшкеннен соң за­ман ағымына орай қаламгерлер қауым­дастығы да қайта құрылымдалып, қоғамдық ұйым­ға айналды. Өтпелі кезеңнің қиын­ды­ғына ұшыраса да, Жазушылар одағы ел ал­дын­дағы парызынан бас тартқан жоқ. Кері­сінше, ақын-жазушыларымыздың екін­ші тынысы ашылып, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар − хандар мен би-батырлар тура­лы түрлі шығармаларды тудырып, ха­лықты өз тарихымыздың ақиқатымен та­ныс­тырып жатты. Сөйтіп мемлекеттен бө­лініп, қоғамдық ұйымға айналса да, Жазу­шы­лар одағы халық алдындағы миссия­сынан ауытқыған жоқ. − Жасыратыны жоқ, кеңестік ке­зең­де ха­лықты рухани тұрғыдан же­тіл­діруге өз үлесін қосып, елдің құрметіне ие болған қазақ ақын-жазушыларының тәуелсіздік алғаннан бергі жерде қадірі ке­тіңкіреп қалған сыңайлы. Оған не себеп? Қаламгерлеріміз заман ағымына ілесе алмады ма әлде адамды табысына қарап бағалайтын мына заманда қазақ ақын-жазушылары да қара бастың қамын көбірек күйттеңкіреп кетті ме? − Қай нәрсеге де бір жақтан қарап ба­ға­лау­ға болмайды, әр дәуірдің өз ерекшелігі бар. Шынын айтқанда, кеңестік саясат жур­налистика мен әдебиетке қамқорлық жасай оты­рып, бұл салаларды идеологияға өте ше­бер пайдалана білді. Жазушыларды үй­мен қамтамасыз етіп, мол қаламақы беріп олар­ға кеңестік идеологияны насихаттатты. Ма­териалдық тұрғыдан ешкімге тәуелді бол­маған қаламгерлер үкіметке беделді, ха­лыққа сыйлы болды. Кітаптары көп шы­ғатын қаламгерлердің кассадан екі брезент қап ақша алып шыққанын көзім көрді. Әдебиеттің үлкен тұлғалары Ғабит Мү­сіре­пов пен Ғабиден Мұстафинді көрдік, олар­дың әр сөзі, сыны сол кездегі Қа­зақ­стан­ның Орталық комитетіне жетіп, олар жаңағы тұлғаларымыздың пікірімен сана­сатын. Олар ел басқарып отырғандарға өз­дерінің емес, халықтың мәселесін, ұлтқа, мем­лекетке қатысты нәрселерді айтып, ше­шімін шығартып отыратын. Жазушыларға жылына екі рет Балтық теңізі жағалауындағы, Қырымдағы т.б. жер­лердегі шипажайларға демалуға мүмкіндік бер­ді. Тіпті, жас қаламгерлерге де жағдай жа­сады. Менің есімде: 1989 жылы Грузияның Пи­цунда деген қаласында XIV бүкілодақтық жас ақындар фестивалі өтті. Соған Ресейдің барлық облыстарынан бір-бір ақыннан, Украи­надан төрт ақын, Беларусьтен үш ақын, ал қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түр­кі­мен республикаларынан бір-бір ақын ғана қа­тыстық. Бұл енді бір қарағанда бай­қал­ма­ған сияқты болмағанымен Мәскеудегі ор­талық үкіметтің Орталық Азия елдеріне шо­винистік көзқарасын білдіретін нәрсе еді. Ал Қазақстан ішіндегі жағдайды айтсақ, бізде жазушылар одағына мүше болған ақын-жазушыларға бірінші кезекте үй бер­ді, шыққан кітаптарына мол қаламақы қой­ды. Мәселен, Алматыдағы Жамбыл мен Бай­зақов атындағы көшелердің қиылысына жазушыларға арнап көппәтерлі екі үй салды (ел арасында оның бірі қалжың ретінде «ал­­­қаштардың ақ үйі», екіншісі «сараң­дар­дың сары үйі» деп аталатын). Ол меніңше, өте ойланып жасаған жоба сияқты. Себебі кілең қалам иелері бір жерде тұрғандықтан олардың арасында шынайы шығармашылық бәсеке пайда болып, сол бәсеке көп жазуға итермеледі. Ол кезде қаламгерлердің жағ­дайы жаңағыдай болғанда, қарапайым халықтың тұрмысы да жақсы, әдебиет пен өнерге қызығушылық басым еді. Бірақ заман өзгергенде бұрын мем­ле­кет­тен үлкен қолдау болып тұрған Жазушылар ода­ғы да қайта құрылымдалып, мәртебесі қап­таған қоғамдық ұйым­дары­ның дең­гейі­не түсіп қалды. Өмірімізге на­рық­тық эко­но­мика еніп, әркім өз бетінше күн көруге тиіс болды. Бұрын қаламнан бас­қа жұмысы жоқ жазушыларға бұл өте ауыр тиді. Сөйтіп олардың біразы жазуды уақытша тоқтатып қойып, бала-шаға бағу үшін өзге жұмыс­тарды атқаруға мәжбүр болса, тағы біреулері басқа салаға кетіп жатты. Және сол кезде қайтіп болса да жан бағудың қамына кірісіп кеткен қаламгерлер халықты, халық қа­лам­герлерді ұмыта бас­тады. Осыдан келіп әде­биет пен халықтың арасындағы байланыс әлсіреді. Сосын бір айта кететін нәрсе, тәуелсіз­дік­­тің басқы кезінде түрлі ақтаңдақ­тар ашы­лып, қазақ тарихына қатысты ақи­қат­тар айтыла бастаған кезеңде жур­налистика қатты дамыды. Шындықты ай­тып, елді ау­зыма қаратсам деген солардың тая­ғының бір ұшы қаламгерлерге де тиді. Анау ана кез­де өйткен, мынау мына кезде бүйт­кен де­ген секілді әңгімелер қалам­гер­лер­ге де қа­рата айтылып, беделін түсіргені де шын­дық. Бірақ бір нәрсені естен шы­ғармауымыз ке­рек: қазақ қаламгері қашанда ұлт­тың жақ­тасы болған. Қиын заманның өзінде халқын қолдап, құрметтеуден тан­баған. − Тәуелсіздіктің отыз жылында қа­зақ әдебиетінде қандай өзгерістер бо­лып жатыр? – Тәуелсіздік қазақ қаламгеріне ең үл­кен сый − еркіндік берді. Әдебиетке мем­лекет тара­пынан қойылатын үлкен кедергі − цензура алынып тасталды. Бұрында қандай еді? Кеңестік кезеңде не туралы жазсаң да оған Кеңес өкіметінің тигізген жақсы әсерін көрсетуге, өкімет пен партия­ның қамқорлығын танытуға тиіс едің. Сон­дықтан қазақ тарихына қатысты әң­гі­мелерді жазу ұлтшылдық болып саналды. Жазушы Ілияс Есенберлиннің қазақ тарихына қатысты жазған тарихи ро­мандары сол кездің көзімен қарағанда ер­лік еді. Оның өзінде төбеден қараған цен­зураның кесірінен жазушы қазақ хан­дары мен батырлары туралы ақиқатты то­лық айта алмады. Оларды сынай отырып сом­д­ауға мәжбүр болды. Тіпті классик жазу­шымыз Мұхтар Әуезов өзінің әлемге та­нылған «Абай жолы» атты эпопеясында Абай­ға қатысты шындықты толық аша ал­мады, сол сияқты романда Шәкәрім бей­несін суреттегенімен оның атын ашық айт­пады. Мұның бәрі мемлекеттік тәртіпке кіріп­тарлық қой! Ал қазір ше? Тәуелсіздік алғаннан бері қалам­гер­лерімізге шексіз еркіндік берілген. Қандай тақырыпты жазасың, қандай тақырыптарды зерттеп, қандай шындықтарды ашасың − оны өзің білесің. Цензура жоқ! Қалай десек те, нағыз азат елдің әдебиеті енді жасалып жатқан секілді. Кеңестік кезеңде де сонша қыспаққа алын­ғанына қарамастан қазақ әдебиетінде үлкен тұлғалар, мықты шығармалар болды. Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Ке­кілбай, Олжас Сүлейменов, Әнуәр Әлім­жа­нов, Мұхтар Шаханов сияқты санаулы қ­аламгерлердің ғана туындылары шет тіл­дерге аударылып жарық көрсе, тәуел­сіз­діктен бергі жерде қазақ қаламгерлерінің кітаптары Ұлыбританияда, АҚШ-та т.б. елдерде жарық көруде. Мәселен, соңғы бір-екі жылдың көлемінде 60 қазақ ақын-жазу­шысының шығармаларынан құралған ан­тология БҰҰ-да қолданылатын әлемнің 6 ті­ліне аудырылып басылды. Бұл да аз уа­қыттың ішінде жүзеге асқан үлкен жоба. Әдебиетке бірнеше тіл білетін талант­ты жастар келіп жатыр. Сондай-ақ бұрын қазақ оқырмандары білмей келген әлем классиктерінің шығармалары аудары­лып жарық көріп жатыр. Бұл енді жалпылай шолу ғой, оны әр жеке тұлғалардың мыса­лын­да көрсетер болсақ, әңгіме ұзап кетеді. − Бір кезде қазақ әдебиетінің ығайы мен сығайлары Алматыда шо­ғыр­ланып, Жазушылар одағында қызу тір­шілік жүріп жататын. Бірақ кейінгі ширек ғасырда көптеген белгілі ақын-жазушылар елдеріне кетіп қалып, қазақ әдебиетінің орталығы біраз әл­сіреп қалғандай көрінеді. Осы тенден­ция­ның біртұтас әдеби үдерісімізге ти­гізген жақсы не жаман жағынан қан­дай әсері бар? − Рас, кеңестік дәуірде қазақтың та­лант­ты қаламгерлері түгелге жуық Алматыда тұру­ға талпынатын. Өйткені республикалық деңгейдегі БАҚ-тар, баспалар т.б. осы қалаға шоғырланған-ды. Сондықтан бір жерге жиналған таланттар бір-бірімен бәсекелесе отырып, тамаша туындыларды жарыққа шығарды. Ал Қазақстанның барлық елді ме­кендеріне орналасқан пошта мен кітап­ханалар қазақша газет-журналдар мен кітап­тарды дер кезінде халықтың қолына тигізіп отырды. Сосын Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросы еліміздің барлық аумағына қаламгерлерді жіберіп, олар халықпен кездесулер өткізіп, әдебиетті насихаттайтын. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұл үрдіс үзіліп қалды да, оны елде бұрыннан тұратын не кейін елге қоныс аударған қаламгерлер жалғастырды дей аламыз. Елде тұратын қаламгерлерге келсек, о бастан Тыныштықбек Әбдікәкім Се­мейде, Серік Ақсұңқарұлы Қарағандыда, Свет­қали Нұржан мен Сабыр Адай Маң­ғыстауда, Шәһизада Әбдікәрімов Қызыл­ор­дада тұратын. Тек 90- жылдардың басында көр­некті жазушы Сайлаубай Жұбатыров Қызылордаға, 2000 жылдары Мейірхан Ақдәулетұлы Ақтөбеге қоныс аударды. Бірақ олар­дың бәрі керемет шығармалар туды­рып, өздері тұратын жерде әдебиетті наси­хат­тап, халық пен қаламгерлер арасындағы кө­пірді құлатпай ұстады. Кейін Қазақ­стан­ның жаңа елордасы салынып, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Әнес Сарай, Қойшығара Салғарин, Ақселеу Сейдімбек, Әкім Тарази, Төлен Әбдік секілді бірталай мықты қалам­герлер сол жаққа қоныс аударды. Бұл, әрине, қашаннан рухани орталық болып келген Алматының әдеби біртұтастығына селкеу түсіргендей болды. Бірақ заман ағымына орай пайда болған бұл өзгерістер Алма­ты­дағы әдеби ортаны мүлде әлсіретіп кетті деу­ге де болмас. Өйткені халқымызға талан­тымен танылған көптеген көрнекті ақын-жазушылар әлі күнге Алматыда тірлік кешіп жатыр. Сондай-ақ бұл шаһарға әлі күнге жер-жерден талантты жастар ағылып келу­де. Сырт көзге Жазушылар одағының істеп жатқан шаралары байқалмауы мүмкін, бірақ бізде жыл сайын 200, 300 Жа­зу­шылар одағы мерейтойларын атап өтеміз. Өмірден өтіп кеткен қаламгерлердің ұрпақ­тары бізге келіп әкеміздің не атамыздың мерейтойларын атап өтейік деп едік десе, біз өз тарапымыздан міндетті түрде көмек­те­семіз. − Қазіргі дәуірде мемлекетіміздің әдебиетке деген қамқорлығы қандай, көңіліңізден шыға ма? − Қазақстан Жазушылар одағы қоғам­дық ұйым болғандықтан мемлекеттен еш­теңе­ні тікелей талап ете алмаймыз, әсіресе қар­жы мәселесінде. Дегенмен одақ басшы­лығына Ұлыбек Есдәулет келгелі көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Мемлекеттің әдебиетшілерге бұрын­нан жасап келе жатқан қамқор­лы­ғы жоқ емес. Мәселен, бірнеше жылдан бері «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін ба­сып шы­ғару, тарату» бағдарламасы бойын­ша ақын-жазушыларымыздың кітап­тары басып шы­ғарылып, кітапханаларға таратылып, автор­ларына аздап болса қала­мақы төленіп ке­леді. Сол сияқты әр екі жыл сайын ақын-жазу­шыларымызға Қазақ­стан­ның Мем­лекеттік сыйлығы беріліп жатыр. Сон­дай-ақ мем­лекет авторлардың кітап­тарын басып шы­ғару құқығын сатып алып, олар ми­л­лион­дап қаламақы алып жатқан жайы бар. Кешегі әдеби жыл қорытындысында ҚЖО басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәу­леттің Қазақстан Жазушылары одағы алдағы кезде мемлекеттің серіктес ұйымы деп танылатыны жайында айтқанын есті­ген шығарсың. Ол жүзеге асып жатса, мем­лекет қаламгерлерге қаржы бөліп, жағдайын түзеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Қазақстан Жазушылар одағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы негізінде «Әдеби өлкетану» жоба­сын жасап, мемлекеттік тендерді ұтып алды. Сөйтіп еліміздің барлық аймағы жайында та­­­нымдық, зерттеу, әдеби кітаптар жарық көр­ді. Ақын-жазушыларымыз үшін еліміз­дің барлық өлкесіне саяхат ұйымдастыры­лып, олар елмен, жермен танысып, соның нәти­жесінде жақсы кітаптар жазып қайтты. Олар­дың елге барып қайтқанының әрбіріне жарты миллион теңге беріліп, кітаптарын мем­лекет шығарып беріп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен қазірге дейін 9 кітап жарық көрді, әр кі­тапта үш автордың еңбегі қамтылған. Қазір облысқа барсаңыз да көрмеде тұрған сол кітаптарды көресіз. Алдағы уақытты тағы сондай 8 кітап жарық көруі керек. Сосын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласында айтылған жайға орай «Тарихи-әдеби өлкетану» деген жоба ұсынғалы отырмыз. Ежелгі қала­лары­мыз бар, солар жайында тарих-танымдық кітаптар жазып, оның жазылуына, басылып шығуына мемлекет көмек берсе деген ұсы­нысымыз бар. Содан кейін әдебиеттегі ұлы тұлға­лары­мызды әлемге таныту жолында да мемлекетіміз жақсы жұмыстар істеп жатыр. Мәселен, өткен жылы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай елімізде «Абай жылы» болып өтті. Сонда көп шаруа атқарылды. Со­ның бірі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абай шығарма­лары­ның толық текстологиясын жасады. Абайды шетелге таныту үшін атқарылған жұмыстың біре­гейі әлемнің 12 елінде «Абай орталығы­ның» ашылуы болды. Биыл Жамбыл Жабаевтың 175 жыл­ды­ғы жоғары деңгейде аталып өтілді. Оған Алматы облысының әкімдігі қолдау көр­сет­ті. Соның арқасында Жазушылар ода­ғы Ал­­­маты облысы әкімдігімен бірлесіп «Жам­­был әлемі» атты 30 томдық кітап шы­ғарды. Со­ның алғашқы бес томы Жам­был­дың өз шы­ғармалары болса, қалғаны Жам­был тура­лы зерттеулер т.б. түрлі шы­ғар­малар. Со­ны­мен бірге Жамбылдың мерей­тойы Түркияда да тойланып, Анкараның үлкен бір көше­сіне аты берілді. Ақынның аты жазылған тақ­тадағы QR кодқа теле­фо­ныңыз­ды тос­саңыз, әп-сәтте Жамбыл тура­лы бүкіл мә­лі­мет­ті көрсетіп береді. Биыл туған жерінде және еліміздің барлық өңірінде, Түркияда Түрксой ұйы­мының ұйымдастыруымен Мұқағали Ма­қатаевтың 90 жылдығы атап өтілді. Үлкен ғылыми практикалық конференция бол­ды, Нарынқолға ақынның еңселі ескерт­кі­ші қойылды. Келесі жылы да Ахмет Бай­тұр­сыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО кө­лемінде, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы ел бойынша аталып өтпекші. − Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген соң, сол оқу ордасын да жиырма екі жыл қызмет етіп, қазақ журналистерін дайындауға көп үлес қостыңыз. Сіздің талай шәкірттеріңіз еліміздің БАҚ-ында еңбек етіп жатыр. Сосын бүгінгі журналистка туралы ойыңызды айта кет­сеңіз... − О баста биыл 100 жылдығы тойланып жат­қан Тауман Амандосов атты ұстазымыз ша­қыртуымен өзім оқыған әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың журналистка факуль­тетіне оқытушы болып бардым. Содан бері менің ол жердегі оқытушылық еңбек өтілім үзілген жоқ, әлі күнге студенттерге дәріс бе­ріп келемін. Сол жерде үш кафедраның мең­герушісі, 8 жыл факультет деканы бол­дым. Мен декан кезде журналистка фа­куль­тетін бітірген жастардың бәрі үлкен аза­маттар болып қалыптасты. Мысалы, Қа­зақ­стан Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма тө­ра­ғасы Ләззат Танысбай – мен декан кезде жур­факты бітірген шәкірттерім. Еліміздің қай аймағына барсам да, шәкірттерім ал­дым­нан шығады. Өткенде Ақтөбеге барсам ал­дымнан Мирас Мұқашев деген шәкіртім шықты. Таразда Мейіржан Әлібекұлы деген шәкіртімді көремін. Сондай қызметте өскен, халыққа танылған журналист шә­кірт­терім көп. Сондай шәкірттерің алдың­нан жарқырап шығып тұрса, ұстаз адамға одан артық бақыт жоқ қой. Марқайып қа­ла­мын. Қазақ журналистикасы өз алдына үлкен мектебі бар журналистика ғой. Ол − кезінде Қайыржан Бекхожин, Тау­ман Амандосов, Темірбек Қожекеев, Марат Барманқұлов секілді тұлғалар қа­лып­тастырып кеткен мектеп. Қазір журналистиканың бет-бейнесі мүлдем өзгерді. Кеңестік кезде тілі шұ­райлы, әдемі очерктер, тілі өткір фелье­тондар көп жарияланатын. Қазір ол жанр­лар­да ешкім жаза бермейді. Бүгінгі журна­листикада сұхбат, ақпараттар көп оқылады. Сайттар көп, әлеуметтік желіде блогерлер көп. Бәрінің оқырмандары бар. Қазіргі журналистерге қойылатын та­лап та өзгеше: шет тілін, оның ішін­де ағылшын тілін білсе өрісі кеңейе түседі. Ақпараттық технология құралдары­нан жақсы хабар болса, ең бастысы ұлтын сүйетін патриоттар болғаны жақсы. Бүгінгі жур­налистер бүлдіруге, іріткі салуға жақын болып, біреуді біреуге айдап салуға, топқа бө­луге емес, қоғамды бір мақсатқа бірік­тіруге, елдің дамуына пайдасын тигізуге жұ­мыс істесе екен деймін. Сондықтан бүгін­гі журналистердің интеллекті жоғары бол­ғанын қалаймын. – Уақытыңызды бөліп, сұхбат берге­ніңіз­ге алғыс айтамын. Аман болыңыз!

Сұхбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ

Серіктес жаңалықтары