Бүгін Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жиын соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.
Марапатталғандар қатарында премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, айтыскер ақындар Ринат Зайытыв пен Мұхтар Ниязов бар.