958
Айыппұл төлейді: СҚО-да 76 тіленші жауапкершілікке тартылды
Айыппұл төлейді: СҚО-да 76 тіленші жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстанда көшеде қайыр сұрап жүрген 76 тіленші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Олар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. СҚО полицейлері қарашаның 22-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұміс істеп жатыр.Тіленшілік - құқық бұзу саналады және 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.Мамандардың айтуынша көшеде қайыр тілеушілердің барлығы бірдей көмекке мұқтаж емес. Олардың қатарында еңбекке жарамды болса да, осындай өмір салтын әдетке айналдырғандар бар.