БҚО-да хабар-ошарсыз кеткен екі адамның бірі өлі табылды

БҚО-да хабар-ошарсыз кеткен екі адамның бірі өлі табылды

БҚО-да хабар-ошарсыз кеткен екі адамның бірі өлі табылды
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен екі ер адамның біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды Turkystan.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған. Оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болған, 39 жастағы ер адам 25 қараша күні түнгі сағат 01.00-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Марқұмның денесі 27 қараша күні ауыл маңында Жайық өзенінің жағасынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Екінші ер адам әлі табылмай жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 57 адамға іздеу жарияланған, соның 8-і табылмаған.