Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды

Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды

Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды
ашық дереккөзі
662

Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Нұр-Cұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер "Stop-трафик" жедел алдын алу шарасы аясында Адам саудасы үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған. Ұсталған азамат 2014 жылы Өзбекстаннан Қазақстан аумағына 6 азаматты алып шығып, жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызуға уәде берген. Алматыға келген соң отандастарынан төлқұжатын алып, басқа адамға берген. 7 ай ішінде өзбекстандықта олар адам төзгісіз қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ер адам қамауға алынды, қазір оны Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Нұр-Сұлтан ПД адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу мақсатында 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында "Stop-трафик" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары