262
ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылды
ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылды
ҰБТ-ның жаңа форматында міндетті пән ретінде оқу сауатын тексеру пайда болды. Сондай-ақ, таңдалатын тағы бір пән қосылып отыр. "Мектептегі қорытынды аттестацияда төрт міндетті пән мен бір таңдау пәні болады. Міндетті пәндердің қатарында орыс немесе қазақ тілінде тапсырады және әдебиеттен эссе формасында тапсырады, ал Қазақстан тарихы ауызша емтихан ретінде, математика - бақылау жұмысы, сонымен қатар, оқу тілі бойынша тестілеу болады (қазақ тілінен тестілеу - орыс мектептерінде және орыс тілінен тестілеу қазақ, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде білім алғандар үшін). Таңдау пәні де тестілеу бойынша тапсырылады - физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе шетел тілі", - деді орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәкидің айтуынша, ЖОО-ға түсушілерге ҰБТ-ны тапсырудың жаңа форматы үш міндетті пәнді қарастырады: математикалық сауат, сауатты оқу және Қазақстан тарихы, 20 сұрақтан тұратын емтихан және 30 сұрақтан екі бейінді пән болады. Тестілеудің жалпы уақыты - 210 минут. ҚР БҒМ сұрақтардың саны артқанымен, шектік баллды 50 деңгейінде қалдырып отыр.
"Сауатты оқу - бұл төрт мәтін, оның әрқайсысы бойынша бес баллдан беріледі, олар жалпы тақырыпта болады, талапкер оны оқып, сараптама жасап, мәтіндік сұрақтарға байланысты мәтінде келтірілген жағдайға қатысты жауап беруі тиіс. Жалпы бұл SIT (System Integration Test - Авт.) жүйесінен алынған. Бұл емтихан арқылы жағдайға сыни көзқараспен қарау, сараптама жасай алуын тексеруге бағытталған", - деді Дархан Ахмет-Заки.
"ЖОО-ға түсушілерге арналған ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, тестілеуге қатысуға өтінім 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады екен. Сондай-ақ, шектік деңгейге балы жетпеген түлектер ҰБТ-ны тамызда немесе келесі жылдың қаңтарында қайта тапсыра алады", - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.
Осыған дейін ҚР БҒМ өкілдері 2017 жылғы түлектерге ҰБТ-ның екіге бөлінетінін жариялаған болатын. Олар: мектептердегі мемлекеттік емтихан форматындағы қорытынды аттестация және таңдалған мамандыққа байланысты 14 пәннен екі бейінді пәні бойынша ҰБТ.
Айта кетейік, ҰБТ енгізілгелі 13 жылдан бері оған 1,5 миллион бала қатысқан.