Маңғыстау тұрғыны өз-өзін өртеп жібермек болды (ВИДЕО)

/
Маңғыстау тұрғыны өз-өзін өртеп жібермек болды (ВИДЕО)

Бейнеу ауылындағы полиция бөлімінің бақылау-өткізу пункті (КПП) жанында ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жолды патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатып, оған әкімшілік шара қолданған.

Біраз уақыт өткеннен кейін ол полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне өзі келіп, қызметкерлердің заңды әрекеттеріне наразы екенін білдірген. КПП-да ол өзіне сұйықтық құйып, өзін өртеп жібермек болған.

Құқық қорғаушылар оның әрекетіне дер кезінде тосқауыл қойған. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда, – деп хабарлады департамент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары