Халықаралық велосипедшілер одағының вице-президенті Тәжікстанда көз жұмды

/
Халықаралық велосипедшілер одағының вице-президенті Тәжікстанда көз жұмды

Бұл турады Қазақстан Велосипед спорты федерациясы мәлімдеді , деп хабарлайды turkystan.kz.

"Азия Велоспорт Конфедерациясының бұрынғы президенті (2017–2025), Халықаралық Велосипедшілер Одағының (UCI) вице-президенті Осама Әл-Шафардың мезгілсіз дүниеден өткені туралы хабарды терең қайғымен қабылдадық. Қазақстанның бүкіл спорт қауымдастығы және Қазақстан Велосипед спорты федерациясы атынан марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, шынайы көңіл айтамыз. Осама Әл-Шафар Азия құрлығында велоспорттың дамуына орасан зор үлес қосты. Ол нағыз кәсіпқой, мықты көшбасшы және өз ісіне адал адам болды. Оның еңбегі, идеялары және спортқа қосқан үлесі біздің жадымызда мәңгі сақталады", - делінген мәлімдемеді.

Қолда бар ақпарат бойынша, Осама Әл-Шафар Тәжікстан Республикасы, Худжанд қаласының маңындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан. Бүгін, 20 қараша күні, оның денесі Душанбе – Дубай рейсімен жөнелтілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары