Динар Нөкетаева: Жастар «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қолдап отыр

Динар Нөкетаева: Жастар «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қолдап отыр

Динар Нөкетаева: Жастар «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қолдап отыр
ашық дереккөзі
50330
Сенат депутаты Динар Нөкетаева «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық «Miras» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында жастардың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қолдап отырғанын айтып өтті. Динар Нөкетаева, Сенат депутаты: – Отыз жыл ішінде еліміз білім, әлеумет, медицина, мәдениет, индустриялық даму саласында бірқатар жетістіктерге жетті. Ал жолай кезіккен қиындықтың барлығын еңсеру үшін Елбасы әлемдегі тенденцияларды мұқият қарап, халыққа түрлі бағдарлама, үндеу мен жолдау жолдап, әрқайсысының орындалуын мұқият қадағалап отырды. Бұл бағдарламалар бүгінде өз жемісін беріп жатыр. Кейбірі әлі де іске асырылуда, әлі де өміршең. Осындай дер кезінде жарияланған өміршең үндеулердің бірі – «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы. Елбасы өзі атап өткендей, бұл – жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Қуантарлығы, жастар осы үндеуді қолдап, жақсы пікір білдіріп жатыр. Табыстың кілті үздіксіз еңбек етуде, ал еңбек біліммен келетіні айдан анық. Жастардың білім алуына, еңбек етуіне қоғам болып атсалысуымыз керек. Елбасы «Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы» деп бекер айтқан жоқ. Үлкендер тоқсаныншы жылдары жұмысбасты болып, бала тәрбиесіне араласа алмады. Ол – түсінікті жайт. Ал қазір заман басқа. «Отан отбасынан басталатынын» ұмытпағанымыз абзал. Бала тәрбиесіне қарайлауда балабақшадағы тәрбиеші мен мектептегі мұғалімдерге ысырып қоймауымыз керек, отбасы баланың тәрбиесіне түбегейлі жауапты.

Серіктес жаңалықтары