Қырғыз Республикасында билікті күшпен басып алмақ болғандардың жолы кесілді

Қырғыз Республикасында билікті күшпен басып алмақ болғандардың жолы кесілді

Қырғыз Республикасында билікті күшпен басып алмақ болғандардың жолы кесілді
ашық дереккөзі

Қырғыз Республикасында билікті күшпен басып алмақ болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ақпар берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sputnik-Қырғызстан мәліметінше, елдің ҰҚК мен ІІМ-нің "алдағы парламенттік сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша" жүргізген жұмысы кезінде "сайлаудан кейін бірден елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға арандатушылық ұйымдастыруды, содан кейін билікті күшпен басып алуды" жоспарлаған адамдар тобы туралы мәліметтер алынды. Аталған факті бойынша республиканың Қылмыстық кодексінің "билікті күшпен басып алуға дайындық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.