1043
«Байлық салығын» енгізу мәселесі қаралады
«Байлық салығын» енгізу мәселесі қаралады
2022 жылы елімізде «байлық салығын» енгізу мәселесі қаралады.
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды tyrkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанатты заттарға арнайы салық салу мәселесін көтерді.«2019 жылы Президент өз Жолдауында «Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамда мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр. Бұл - алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек» деген болатын. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеде көптеген елде бар, сән-салтанатқа арнайы салық енгізу өте өзекті мәселе деп есептеймін. Бұл жерде қымбат элиталы жылжымайтын мүліктер, ұшақтар, яхталар, қымбат автоөкліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатты заттарға арнайы салық салудың әділетті жүйесін қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл тұрғыда тиісті ведомствоның көзқарасы қандай», - деп сұрады сенатор.Өз кезегінде вице-министр М. Сұлтанғазиев бұл мәселе қарастырылып жатқанын айтты.
«Оған салықты біз қарастырып жатырмыз. Осы орайда бизнеспен талқылау жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы Үкіметтің жобасымен енгізілетін болады», - деді Марат Сұлтанғазиев.